Шерзат Болаттың өлімі: іс прокуратураға жолданды

Бүгiн, 11:36 216

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенаттың брифингінде Талғарда мерт болған  Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеуі толық аяқталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әсет Шындалиевтің сөзінше, қазіргі таңда іс Алматы облысының прокуратурасына жолданып, айыптау актісін дайындау процесі жүріп жатыр.

Тергеу амалдары толығымен аяқталды. Қазіргі кезде іс прокуратураның қарауында, онда тергеудің заңдылығы жан-жақты тексерілуде. Осыдан кейін істі сотқа жіберу мәселесі қаралады, – деді ол.

Қылмыстық істің сотқа нақты қай күні жіберілетіні әзірге белгісіз. Дегенмен заңға сәйкес, прокурор бұл шешімді 10 күн ішінде қабылдауы тиіс. Егер іс күрделі деп танылса, бұл мерзім бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Қазір бұл істі Алматы облысының прокуратурасы қарап жатыр, сондықтан нақты мерзімін айту қиын. Алайда тергеу барысында күдіктілер тізімінде өзгерістер болған жоқ, – деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: