Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Шерзаттың ісі прокуратурада қаралып жатыр. Алдағы күндері, осы апта ішінде, оның сотқа жіберілгенін күтіп отырмыз. Сот ісін қарайтын судья тағайындалады. Кейін бұл мәселеге қатысты соттың өзі түсініктеме береді, – деді ол Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ тергеу нәтижелеріне қатысты қосымша ақпарат жарияланатынын атап өтті.