Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

12 Желтоқсан, 11:15 899

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Талғар ісіндегі оқиғаларға қатысты бірнеше мәлімдеме жасау қажет деп санаймын. Полиция қызметкерлері айтқандай біздің өкілдер полициядан Қаржаубайды ұстауды сұраған жоқ. Туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім бермеді. Қаржаубайды 15 тәулік қамауға алу туралы сот қаулысын заңсыз деп санаймыз және оған апелляциялық шағым түсірдік. Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция ҚР ҚК - нің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп жазды Қаймақов бейсенбіде әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Қаржайбай Нұрымовтың қамауға алынғанын  жазған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: