Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрліктің мәліметінше, ол қоғамдық орында құқыққа қайшы әрекеттер жасады, сондықтан ұстау туралы шешім қабылданды.
Полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық–зомбылық қолдану қаупі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне одан әрі тергеу үшін берілді, – деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар аймақ прокуратурасы Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу Антикор департаментіне жіберілгенін хабарлады. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық туралы істі қандай себеппен тергеп-тексерумен айналысатыны нақтыланбаған.