Шерзат Болаттың әкесі не үшін қамалды? ІІМ орынбасары айтты

11 Желтоқсан, 15:30 1909

ҚР ІІМ орынбасары Санжар Әділов марқұм Шерзат Болаттың әкесі не үшін ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баршаңызға мәлім, Еңбекшіқазақ аудандық соты хабаралағандай, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін азамат Нұрымов әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Ал қазан айында қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімін тергеу аяқталуға жақын екенін атап өтті.

Қылмыстық істі тергеу соңына таяп қалды. Жыл соңына дейін біз барлық сараптаманы алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Қылмыстық іске қатысы бар 11 күдікті қамауда отыр. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады, – дейді ҚР ІІМ орынбасары.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: