Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қамаудан шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің айтуынша, Нұрымов Қонаевтағы уақытша ұстау изолятрынан 23:45-те босап шықты.
Айта кетейік, Алматы облысының Азат ауылында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінде Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті.
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің үстіне шығып, өз-өзін өлтіретінін айтып қорқытқан. Облыстық Полиция департаменті оның қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін алға тартты.