Шерзат Болат ісі: Сенатор куәгер екі әйел туралы айтты

12 Желтоқсан, 18:20 981

Бүгін Сенаттың кулуарында бұрынғы ішкі министрінің орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаевтан Шерзат Болаттың ісіндегі екі әйелге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенаторға тілшілер «Жасөспірім өлген жерде болды деген екі әйел жазалана ма?» деп сұрақ қойды.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Бәрі заң аясында шешіледі. Заң сіз қалағаныңыздай бірден қабылдана салмайды. Тергеудің соңын күту керек. Барлық дәлелдер жиналып, жан-жақты мұқият талданғаннан кейін ғана шешім қабылдауға болады. Істің объективті және субъективті жағы қаралады.  Егер  Шерзат Болат ісіндегі екі әйелдің әрекетінде төрт компонент айқындалмаса, тіпті біреуі мәселен, “арам пиғылы болмаса” істе қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмады деп қаралады, - деп жауап берді Марат Қожаев. 

Айта кетейік, Шерзат Болаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева оқиға болған түні дүкеннің алдында болған екі әйел куәгер болып кеткенін мәлімдеген еді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: