ШЕНТЕМІР

21 Тамыз 2014, 03:52

АБАЙМА / ШЕНТЕМІР – арбаның ағаштан жасалған дөңгелегінің сыртынан айналдыра кигізіліп бекітілген шеңбер түріндегі тұтас темір құрсау

АБАЙМА / ШЕНТЕМІР – арбаның ағаштан жасалған дөңгелегінің сыртынан айналдыра кигізіліп бекітілген шеңбер түріндегі тұтас темір құрсау

.

Арба. КСРО ҒА-ның 1928 ж. А.Л.Мелков басқарған экспедиция материалы. ҚР МОМ қорынан (ФКП 4883/49)

А. дөңгелектің ағаш доғасын тозудан сақтайды, әрі күпшек пен кегейге (шабаққа) түсетін салмақты біркелкі бөліп отыратын функция атқарады. Этносаралық байланыстар барысында орыс шеберлері дайындап, қазақтарға көбірек сатылуына байланысты оның А. деп аталуы да кіріккен сөз ретінде (мысалы, мылтықтың оқшантайы), яғни орысша «обод» атауының қазақша баламасы ретінде қолданысқа енді.

А.-ның ішкі жағына ағаштан доғаланып жасалған бірнеше табан қимасын қатарластырып өбістірген соң олардың түйіскен жерінің ішкі жағына білезік тәрізді темір құрсау киіледі де, алдын ала дайындалған тесікке ұшы айыр, қалпақбас шеге кигізіледі. Шегенің шыққан айыр ұшын екі жаққа майырып, ағашқа сіңіре қағып тастайды. Құрсау мен А. ұзынша шеге тәрізді темірмен осылайша тойтарып бекітіледі. Кейбір өңірлерде күпшекке киілетін А.-ның дәстүрлі атауы шентемір (толығырақ қ. Арба).

Әдеб.: Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987; Шойбеков Р. Қазақ тіліндегі күш-көлік атауларының этномәдени мазмұны // «Этнос тілін зерттеудің өзекті мәселелері. «Кие» лингвоел- тану инновациялық орталығы.  Алматы, 2011.

АБАҚ1 – балық аулайтын құрылымы күрделі аудың бөлігі. Аудың орта тұсындағы аузы тарлау келген қуыс «қалтасы» әуелде абақ деп аталды. А. ішіне кірген балық қайта шыға алмайтын етіп үлкен қап пішінінде жасала- ды. Суға құрылған аудың қазанына жиналған балықтар аудың қанаттарына соғылып, ошарылып барып А.-қа кіреді (толығырақ қ. Балық айдау).

Мұндайда жиналған балықтар арасындағы аққайран, ақ шабақ сияқты момын балықтар қатарласқан жыртқыш балықтардан қорғану үшін өздігінен А.-қа қарай енеді. А.-қа кірген балықтардың кері шығуы екіталай.

Әдеб.: Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи-этнографиялық шолу. Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979; Юсупов М. Табиғат тағылымы. Алматы: Қайнар, 1986.

Абақтың қарапайым түрі. Суретші Е.Нүсіпжанов

АБАҚ2 – балық аулайтын ау түрі – жылымның екі ара- сын керіп тұрған ағаш. Ол жылымның арқаны оралмауы үшін байланады. Мұндай А.-ты Каспий балықшылары кіләш деп атайды.

Бүгінде біз көп сөздің қазақша баламасын таба алмай қиналып жатамыз. Сондықтан осындай сөздерді тез арада қолданысқа енгізіп, қайта тірілтуіміз қажет. 

Әдеб.: Досқараев Ж. Арал, Каспий балықшыларының тіліндегі профессионалдық лексиканың материалдары // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы: ҚазССР ҒА, 1958.

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен  атауларының дәстүрлi жүйесi»

 

 

 

Бөлісу: