Қытайдың Шэньчжэнь қаласында алғаш рет ірі бизнес форум өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауда және интеграция министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіптік орталығы Шэньчжэньдің 200-ден астам ірі кәсіпкерлері Қазақстан-Қытай бірінші бизнес-форумына қатысты.
Қазақстан-Қытай саудаға жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін әлеуеті мол қытайлық инвесторларды жинады.