Шекерадан 1 млн теңгенің есірткі заттарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

11 Қыркүйек 2022, 05:39 1153

Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған.

2022 жылғы 7 қыркүйекте шекарашылар Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол өткізу пунктінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадал» медициналық препаратының 690 таблеткасын заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды EL.KZ.

Аталған дәрілік заттар Өзбекстан Республикасына бағыт алған жүк вагондарында өткізілмек болған. Шекарашылардың қырағылығы және арнайы үйретілген «Кайла»  атты иттің көмегімен контрабандалық жүк анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратында.

EL.KZ
Бөлісу: