Шекарашыларға арналған ескерткіштің ашылуы өтті

18 Тамыз 2022, 20:01 1701

Мерейтой құрметіне Шекара қызметі ансамблі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында ардагерлердің, қалалық әкімдік өкілдерінің, елорда тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен шекарашыларға арналған ескерткіштің ашылуы өтті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында шекара ведомствосының құрылуы мен қалыптасу тарихына арналған экспонаттар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «На страже рубежей Казахстана» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Мерейтой құрметіне Шекара қызметі ансамблі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. 


Салтанатты іс-шарада ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Алдажұманов сөз сөйлеп, ҰҚК Төрағасы атынан құттықтау тілегін және әскери қызметшілер мен ардагерлерге алғысын жеткізді. Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша міндеттердің маңыздылығы мен басымдылығын атап өтті.


«Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі, кез-келген елдің беріктігі шекарасына қарай анықталады. Сондықтан Шекара қызметіне және оның басты міндеті – мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді», - деді ол өз сөзінде.

Облыс орталықтарында дәл осы күні шекарашы батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды, көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды, мерекелік күнге орайластырылған спорттық жарыстар өткізілді.

Бөлісу: