Шекарадан заңсыз өтпек болған төрт шетелдік ұсталды

25 Қазан 2022, 07:30 1344

Оқиға 2022 жылдың 22 қазанында "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде болған

Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өтпек болған төрт шетелдік азамат мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды El.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2022 жылдың 22 қазанында "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде болған.

"Бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына өтпек болған төрт шетелдік азаматты мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін ұстады", - делінген хабарламада.

Бөлісу: