Шекарадан мұнай өнімдерін вагондап шығармақ болғандар ұсталды

25 Тамыз 2022, 22:10 929

Тексеру кезінде вагонға тиелген бензин екені анықталды.

Павлодарда компаниялардың бірі он вагон бензинді шекарадан Өзбекстан мен Тәжікстанға алып өтпек болған, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы экономикалық тергеу департаментінің басшысы Арман Жүнісов мәлімдеді.

"Тексеру кезінде вагонға тиелген бензин екені анықталды. Сараптама үшін жанар-жағармайдың қосымша сынамаларын алып, тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз", - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы.

Ол осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл соңғы уақытта тіркеліп отырған екінші контрабанда.


Бөлісу: