Шекара қызметінің экс-директоры екі айға қамауға алынды

25 Маусым 2022, 21:52 1695

22 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшылары билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

– Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды, - деді соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 22 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшылары билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталған болатын.

Бөлісу: