Шекара қызметі 275 келі зергерлік бұйымды тәркіледі

21 Қаңтар 2023, 12:45 1318

Бұл туралы ҰҚК мәлім етті

Шекарашылар зергерлік бұйымдарды өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

2023 жылғы 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті.

Шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды.

Зергерлік бұйымдар Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.

EL.KZ
Бөлісу: