1 Тамыз 2014, 05:04
1.Сөйлемдерді дұрыс құру
Біріншіден, шебер сөйлеуге үйрену үшін сөйлемдердің дұрыс құрылуына назар аударған жөн. Егер сіз бірден әдемі сөйлемдер құра алмасаңыз, алғашқы кездері бәрін жазып тұруыңызға тура келеді.
2. Сөздік қорын байытыңыз
Сөздік қорыңызды байытуыңыз керек. Егер сіз кітап оқып жатқан кезде, немесе бір кісімен әңгімелесу барысында сізге таныс емес сөзді кездестірсеңіз, түсіндірме сөздіктен бұл сөзді іздеп мағынасын біліңіз, әрқашан осылай жасап сөздік қорыңызды күрделі, жиі қолданбайтын сөздермен толықтырыңыз.
3. Классикалық көркем әдебиетті көбірек оқыңыз.
Газет, журнал, детективтерден гөрі, классикалық көркем әдебиетті көбірек оқыған жөн. Классикалық әдебиеттің жақсы жағы, ол таза тілді қолданады, сондықтан да ол шебер сөйлеуге, ойды нақты, нанымды және салмақты жеткізуге көмектеседі.
4. Халықтың алдында сөз сөйлеу
Достармен шебер сөйлесуге үйрену ол бір басқа. Ал халықтың алдында, 100-500 адамы бар аудиторияның алдында әдемі сөйлеуге қалай үйренуге болады? Егер сізге халықтың алдында сөз сөйлеу керек болса немесе маңызды кездесу болса, тек өзіңе ғана сенуге болмайды, ең дұрысы, алдынала айтатын сөздеріңізді дайындап, жазып алғаныңыз. Осындай маңызды сәтке бірнеше күн бұрын алдынала дайындалғаныңыз жөн. Сонымен қоса жақын адамдарыңызға дайындалған сөздеріңізді айтып, олардан пікір талап етіңіз. Осының арқасында сіз сөзіңіздегі кемшіліктеріңізді байқап, оларды өзгертесіз.
5. Қолмен жасайтын қимылдар.
Ол үшін айнаның алдында өзіңмен өзің сөйлесуіңіз керек. Сөзіңізді немесе бір монологты видеоға түсіріп, кейін видеоны қарап отырып сөзіңіздегі кемшіліктерді іздеп, оларды түзетесіз. Бастапқыда өзіңіз қолмен жасап тұрған қимылдарыңыз сіз үшін біртүрлі ыңғайсыз болып көрінеді, бірақ кейін үйреніп қаласыз.
1 жаттығу. Көшеде, дүкенде, басқа да қоғамдық жерлерде бір адамды тауып оның көзіне ол көзін жұмғанға дейін немесе басқа жаққа назарын бұрғанға дейін тура қараңыз, осыны кемінде үш рет жасаңыз. Осы жаттығу арқылы сіз батылсыздық пен ұялшақтықты жеңе аласыз.
2 жаттығу. Тіл тапқыш болуға үйрененіңіз. Кез келген жерде, кез келген себеппен кем дегенде бір адаммен танысу керек. Егер ол кісі сізге атыңызды айтса, демек, танысу сәтті болды.
3 жаттығу. Дүкенге, банкке, басқа қоғамдық орындарға кез келген сылтаумен кезексіз өтіңіз. Әрине осы жаттығу сізді әдепсіздікке үйретуге бағытталған жоқ. Егер сізге кедергі жасаса, осындай сәттерде ештеңеден қорықпау керек, сізге бөгет жасаса, осыған арқашан дайын болу керексіндер.