Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінің қашан басталатыны белгілі болды

28 Шілде 2022, 14:15 1446

Ел біріншілігіндегі алғашқы кездесу биылғы 10 қыркүйекте басталады

Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінің қашан басталатыны белгілі болды, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпартқа сілтеме жасап.
Ел біріншілігіндегі алғашқы кездесу биылғы 10 қыркүйекте басталады. Онда барлығы 12 команда бақ сынайды деп күтілуде.
Біріншілік барысында «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Кұлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Снежные Барсы» және «Торпедо» сайысқа түседі.
Сондай-ақ, олардың қатарына өзбестандық «Хумо» командасы қосылады.
Алдымен ел біріншілігінің тұрақты кезеңі өткізіледі. Одан кейін алғашқы сегіздіктегі командалар плей-офф сатысында сынға түседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогына қатысатын командалар тізімінде өзгерістер болды.
Турнирге қатысуға қазақстандық «Барыстан» басқа, Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) командалары ниет білдіріп отыр.

Бөлісу: