Жартылай орта салмақта UFC чемпионы ағылшын Леон Эдвардс (22-3) алдағы уақытқа жоспарын жариялады, деп хабарлайды El.kz хабарлайды.
Сәуірде Лас-Вегаста өтетін UFC 300 турнирінде тағы да өз атағымды қорғаймын. Сонан соң жазда өз үйімде - Бирмингемдегі «Вилла Паркте» айқас өткіземін деп үміттенемін. Қазір UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмын, сондықтан жоспарым жүзеге асады деп ойлаймын, — деді Эдвардс.
Бұл атақтан басты үміткерлер тізімінде Шавкат Рахмонов (18-0) бар. Дегенмен шетелдік сарапшылардың басым бөлігі UFC алдымен мұндай мүмкіндікті америкалық Белал Мухаммадқа (23-3) береді дегенді айтады.