Шавкат Рахмонов октагонға оралатын күн анықталды

29 Маусым 2023, 09:39 728

UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға оралатын уақытын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рахмонов октагонға 16 қыркүйекте оралады. UFC турнирінің басты жекпе-жегінде ол американдық Кевин Гастелуммен кездеседі.

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта рейтингте алтыншы сатыда тұр. «Номад» UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұған дейін ол американдық Джефф Нилден басым түскен.

Негізі Нилмен айқас 14 қаңтарда өтуі керек болған, бірақ қарсыластың жарақатына байланысты айқас кейінге қалды.

Кездесу алдында жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде Нил Рахмоновтан жоғары тұрды: америкалық - жетінші, қазақстандық - тоғызыншы орында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: