Бұған дейін жеңіліс көрмеген қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрридің жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төрешілердің шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. Рахмонов үшін бұл Қазақстаннан шыққан тұңғыш UFC чемпионы атану мүмкіндігі.
Бұл отандасымыздың 19-шы жеңісі болды және бірінші рет мезгілінен бұрын аяқтай алмады. Ал Гэрри мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Енді Шавкат 2025 жылы титул үшін Белал Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізеді.
Айта кетсек, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы айқас Лас-Вегастағы UFC 310 турнирі аясында өтті.
Турнир соңында қазақстандық спортшы барша жанкүйерлеріне алғыс айтты.