Шаш күтіміне арналған өнімдер 41,7%-ға қымбаттады

6 Наурыз 2023, 18:29 1192

Сусабындар бір жылда 41,7%-ға қымбаттады. Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3%-ға төмендеді. Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді. Импорт өнімдерінің үлесі 97,6 пайызды құрады.

12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.

EL.KZ
Бөлісу: