Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі егіс жұмыстары үшін 401 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеткізу мерзімі – осы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығы.
2025 жылғы 30 қаңтарда АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күшінен алынды. Энергетика министрлігі ұсынатын дизель отынының қазіргі бағасы тағайындалған станцияға дейін литріне 232 теңгені құрайды.Түпкі бағаны операторлар белгілейді және литріне 254 теңге құрауы мүмкін, бұл литріне 45 теңгеге арзан немесе АЖҚС бөлшек сауда бағасынан 15 % төмен, — деді Алмасадам Сатқалиев.