Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылы аяқталмай жатып оқушылардың кітап өткізіп жатқанына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нақты қай мектептің оқушылары кітап тапсырып, демалысқа ерте шығып жатқанын анықтау керек. Кейін ол мектепке қатысты шара қабылданады, - деді министр.
Дегенмен министр қандай шара қолданылатынын нақтылаған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде бірқатар мектепте оқушылар кітап тапсырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те оқу жылы аяқталмай жатып оқушылардың кітап өткізіп, жазғы демалысқа ерте шығып жатқанына байланысты пікір білдірген болатын.