«Шапка мономаха» жаңа жылдық салаты

23 Желтоқсан 2014, 06:50

Жаңа жылдық салат дайындау тәсілі

Шапка мономаха салаты

Етті пісіріп алып, кішкене кубиктармен немесе ұзыннан кесеміз.

Картопты мундирлеп пісіріп, кейін суытып, қабығын ашып үлкен үккіштен өткіземіз.

Қызылшаны пісіріп, үлкен үккіштен өткіземіз.

Піспеген сәбіздің қабығын ашып, ұсақ үккіштен өткіземіз.

Жұмыртқаны да пісіріп алып, сарысын пышақпен ортасына бөліп, ал ағын үккіштен өткіземіз.
Ірімшікті ұсақ үккіштен өткіземіз.

Грек жаңғақтарын блендермен немесе пышақпен ұсатамыз.

Желкекті ұсақ қылып кесеміз

Сарымсақты ашып, оны да ұсатамыз.
Салат қабаттап жасалады. Қабат арасына майонез жағып отырыңыз. Қалауыңыз бойынша тұз, бұрыш салып отыруыңызға болады.

Бөлісу: