Шаңғы жарысы: Қазақстан 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленді

Бүгiн, 12:48 146

Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: