«Шаңды дауыл, найзағайлы жаңбыр». Демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болады

19 Сәуір, 11:18 1380

Қазгидромет өкілі алдағы тәулікке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады. 

ҚР бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда  солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.

19–22 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын шашын болжамына, сондай-ақ орта таулы аймақтарда қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, беткейлік ағынның қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтіледі. Ақмола облысының Қорғалжын ауылында Нұра өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 4 сағат ішінде 6 см-ге көтерілуі жалғасуда. Қазіргі кезде су деңгейі қауіпті деңгейден 5 см-ге асқан. Сондай-ақ Қорғалжын ауылындағы шағын автомобиль көпірі арқылы су ағып жатыр, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.

Өзеннің орта ағысынан, жылғалар мен жазықтардан ағынның келуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: