Шаңды дауыл, аптап ыстық: еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 Шілде 2023, 07:15 944

Қазгидромет 28 шілде, жұма күні, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. Қонаев қаласында күндіз найзағай, шаңды дауыл болжанды. Батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 18-23 м/с болады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында  28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай соғады деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады. 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады. 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-39 градус ыстық күтіледі. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Орал қаласында күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с шаңды дауыл болжанды. 28-30 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с боалды, шаңды дауыл тұрады. 28-30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 28-30 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қаласында 28 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 28-30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 28-30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

28 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде таңертең және күндіз Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, түнде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында 28 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, түнде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

28 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавл қаласында күндіз найзағай күтіледі. 28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35 градус сақталады.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

28 шілдеде түнде және таңерең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. 28 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қаласында жоғары өрт қауіпі сақталады.

28 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

28 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қостанай қаласында 28 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Перизат Саденова
Бөлісу: