Шахтада болған апатқа байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

3 Қараша 2022, 12:00 2003

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Ленин атындағы» шахтасында болған апатқа байланысты Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz
 
"3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Ленин атындағы» шахтасында апат орын алды. Соңғы мәліметтерге сәйкес бес кенші қайтыс болды.
Осыған байланысты менің өкіміммен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік ететін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына уәкілетті министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді.
 
Биыл жазда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барған кезімде мен компания басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірісті жаңғыртуға инвестициялар бөлу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтқан болатынмын.
 
Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру, шұғыл мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету бойынша міндеттер қойылды. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Үкімет басшысы Әлихан Смайылов желідегі парақшасында.
EL.KZ
Бөлісу: