Шахматтан әлем чемпионаты: Димаш Құдайберген жүрісті бастап берді

26 Сәуір 2023, 17:16 989

Елордада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижэнь арасындағы матчтың 12-партиясы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталған партияны әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген символикалық жүріс жасап бастап берді.

Осындай іс-шараға шақырғанына өте қуаныштымын. Шетелден келген қонақтарға «қош келдіңіздер!» деп айтамын. Өзім шахмат ойнай қоймаймын. Бірақ бұл мен үшін үлкен мәртебе болды, - деді Димаш Құдайберген.

Еске салайық, 9 сәуірде аталған қос спортшы арасындағы матчты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бастап берген болатын.  

EL.KZ
Бөлісу: