Шахмат олимпиадасының шешуші сәтінде Қазақстан қыздары АҚШ-пен ойнайды

22 Қыркүйек, 13:12 982

Будапеште өтіп жатқан шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер командасы Грузиямен тең түсті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Екі команда арасындағы барлық ойын тең аяқталды (2-2). Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова мен Ксения Балабаева өнер көрсетті.

Осылайша Қазақстан мен Үндістан әйелдер командасы 17 ұпайдан жинап, көш басында тұр. Польша мен АҚШ-та 16 ұпайдан. Армения мен Испанияда 15-тен. Қазақстан шешуші турда АҚШ-пен ойнайды.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: