Шаңғы жарысынан қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада ойындарында эстафета жарысына қатысты

14 Ақпан 2022, 10:49 2119

Бейжің Олимпиадасы аясында шаңғы жарысынан әйелдер арасында эстафета бойынша жарыстар мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан құрамасы сапынан эстафета сынына Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысты.  4х5 км эстафета бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 15-ші орынға жайғасты.  

Айта кетерлігі, РОК командасы Олимпиада чемпионы атанса, Германия құрамасы екінші, Швеция үздік үштікті аяқтады. 

baq.kz

Бөлісу: