Қазіргі уақытта рейс кешіктірілген жағдайда әуекомпаниялар жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қарастырылып жатыр. Осы жұмыс аясында рейс кешіктірілген жағдайда жолаушыларға төленетін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр, - деді министрлік өкілдері.
Ведомство азаматтардың құқығын сақтамағаны үшін Air Astana әуекомпаниясына төрт рет айыппұл салғанын түсіндіріп, тергеу әлі жалғасып жатқанын, жаңа заңбұзушылықтар анықталса, тасымалдаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылатынын айтты.