Үш ұрпаққа жалғасқан әскери әулет

23 Маусым 2016, 07:41

Отан қорғау – қасиетті борыш

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі республика көлемінде тұңғыш рет «Әскери әулет» атты байқау өткізген еді. Ұйымдастырушылар конкурс арқылы саналы ғұмырын Отан қорғау ісіне арнаған әскери әулеттерді анықтады. Бүгінгі мақаламызда үш ұрпаққа жалғасқан әскери әулет туралы сөз етпекпіз.

Апешевтер отбасының мүшелері Отанға үш ұрпақ қызмет етіп келеді, олардың әскери әулетінің жалпы еңбек өтілі 100 жылдан асып жығылады. Осы даңқты әулеттің бастамасының негізін Мәмбетали Апешев қалады. Ұлы Отан соғысының ардагері атқыш зенитші ретінде Отанды қорғаған.

Ұрыс алаңындағы атасы мен әкесінің әңгімелері балалары мен немерелерін рухтандырғаны соншалықты, олардың көбісі өздерін сол жолға таңдады. «Шабуылға аттанып, мынаны ойлайсың: қазір оқшашар жүрекке бір-ақ атады деп. Бізде әрбірімізде саперлік күрекше болды, мен оны шинельдің ішіне салып, қорғаныш ретінде жүрегіме қоятынмын. Снарядтың басқа тиетіні туралы мүлде ойламаппын. Бір сөзбен айтқанда әлі баламын. Біз үнемі күйзелісте болатынбыз, себебі, жанындағы біреуді өлтіріп немесе жараланғанын көресің. Бұл қан жұтқан шайқаста айлап болатынбыз», –  деп Серік атасының аузынан естіген естеліктерімен бөлісті. 

Соғысқа қатысқан адамның ұлы Әбдікерім Апешев қызметін 1970 жылы мерзімді қызметтен 336-шы теңіз жаяу әскерінің бригадасында бастаған. Қызметі аяқталысымен Мәскеу шекара училищесіне түсті.  Офицерлік қызметтің алғашқы күндерін «Хоргосс» заставасында бастады. 35 жылын әскери іске арнаған. Қазір бұл әскери қызмет эстафетасын ҚР Қарулы Күштерінің офицері капитан Серік Апешев ұстап тұр. Әскерде ол 13 жыл, қазір ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының басқармасында қызмет етеді. Оның жұбайы Назгүл де әскери қызметші болып табылады. Ол Қорғаныс министрлігінде майор шенінде қызмет етуде. Серіктің әпкесі Жұлдыз бен ағасы Жанболаттың да 20 жылдық еңбек өтілі бар. «Біздің елемізде мұндай байқауларды өткізгендеріне өте қуаныштымын. Бұл адамдарға біздің әскери әулеттер туралы айтып беруге жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Мәселен, менің отбасымда әскери іспен ерлермен қатар, әйелдер де айналысады. Батыр атам, әкемнің жетістіктері, ағаларым мен әпкелерімнің қызметі туралы айтып беретініме қуаныштымын», – дейді Серік Апешев.

«Әскери әулет» байқауын ҚР Қорғаныс министрлігі алғаш рет ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Ол ҚР Қарулы Күштері әскерилерінің отбасылық құндылықтарын, ұрпақтарының қажырлы, әскери, патриоттық және адамгершіліктерін көрсетуге бағытталған. «Әскери әулет» байқауы барша елге ұрпақтан ұрпаққа отбасылық болып қалыптасқан әскери іске адал болып қалатын айбынды әскерилер туралы паш етеді.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 

Бөлісу: