ШҚО тұрғыны үйінде мина сақтаған

24 Маусым 2022, 23:14 1316

Ол қаруды заңсыз сақтаған.

Өскемен қаласының тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен және Семей қалаларының екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды EL.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Жедел ақпаратты алған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 қызметкерлері оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. 

Сонымен қатар, бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы минаны жасырғаны анықталды. 

Сондай-ақ, ақпаратты анықтау барысында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгісінің тегіс ұңғылы аңшы мылтығы бары анықталды.

Ер адамдарда қару сақтауға рұқсат құжаттары болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы Қанат Жүсіпов.


EL.KZ
Бөлісу: