ШҚО медиаторлар мен прокурорлар экономикалық және ювеналдық дауларға қатысты мәселелерді қарастырды

5 Наурыз 2019, 10:29 2022

1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күні мен Алғыс айту күнін атап өтеміз.

Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы Өскемен қаласының Прокуратурасы мен Шығыс Қазақстан облысының Прокуратурасымен бірлесіп медиация негіздері бойынша іс-шара өткізді.

Шараға прокуратура өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, мемлекеттік қызмет өкілдері және колледж оқушылары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар дөңгелек үстел барысында тәжірибе алмасып, ҚХА медиация институтын іске асыру және нығайту саласындағы мәселелерді талқылап, қоғамдық медиаторлардың кәсіби байланысын кеңейту, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі шеңберінде дауларды сотқа дейін реттеудің жаңа әдістерін қарастырды.

Дәріскер ретінде «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығының төрағасы, кәсіби медиатор А. Каленов., «ULAN» медиация және Құқық орталығының жетекшісі, кәсіби медиатор Т. Танекенова  және Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының медиация саласын үйлестіруші А. Айтмухамбетова қатысты.

Отырыс барысында экономикалық және ювеналдық даулар туралы бірқатар  сұрақтар қарастырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

ШҚО ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ: ЖОЛДАУ БІР МҰРАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ

ТАТАРЛАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫНДА ШҚО КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНА АРНАЙЫ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШҚО БЕС ҚАЛАСЫНДА БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Бөлісу: