ШҚО-да жылқыға соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

12 Қыркүйек 2022, 11:37 1100

Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды El.kz. порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйек сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында болған. Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 18-шақырымында келе жатқан «Lada Granta» автокөлігі жылқыға соғылды.

«Соның салдарынан 42 жастағы жүргізуші сол жерде көз жұмды. Ал жарақат алған 68 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу: