ШҚО-да өрттердің негізгі бөлігі тежелді

10 Қазан 2022, 10:24 1372

Өңірдегі өрттердің алдын-ала болжам бойынша ауданы 2000 гектардан асты

Түні бойы Шығыс Қазақстанда шөптің жануы мен өртке қарсы күрес жүргізілді.​ ​ ШҚО ТЖД бөлімшелері тәулік ішінде 57-ден аса шығуларды жүзеге асырды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өртті сөндіруге ЖАО, ұйымдар, шаруа қожалықтарының күштері мен құралдары да тартылған. Барлығы 120 бірлік техника және 700-ге жуық адам, оның ішінде: ШҚО ТЖД, ЖАО, орман мекемелері, Ұлттық Ұлан, ҚР Қорғаныс министрлігі, ШҚО әкімдігінің МИ-8 тікұшағы бар.

Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, оның ішінде Алтай мен Өскемен қаласында үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде өрттер тежелді. Бұл ретте Ұлан ауданының Герасимовка ауылында және Каменка ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, Алтай ауданындағы Серебрянск қаласында  және Өскемен қаласында Машина жасаушылар көшесінде (Согра ауданы) өрттер толық сөндірілді.

Күршім ауданында Пугачев орманшылығы мен Маралды ауылдық округінің аумағында Үшбұлақ ауылынан 14 шақырым жерде қртпен күресу жалғасуда.  Аумағы анықталуда.

Өңірдегі өрттердің алдын-ала болжам бойынша ауданы 2000 гектардан асты.

​​ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, тұрғын және саяжай үйлерінің аумағындағы шөптер мен өрттердің негізгі пайызы аймақтағы ыстық және құрғақ ауа райынан, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан туындаған. Өртті сөндіру жағдайын екпіні 20 м/с дейін қатты соққан жел  қиындатты. Құтқарушылар облыс аудандарында дауылдың алдын алу және өрт қаупі туралы алдын ала хабардар еткен болатын.

ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Қырағы болыңыз. Үйлердің аумағын құрғақ шөптер мен қоқыстардан уақтылы тазалаңыз. Тұрғын үйлердің жанында қоқысты жағуға болмайды. Желді ауа-райында от жағуға болмайды. Ешбір жағдайда шөпті өртеуге жол бермеңіз.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Бөлісу: