Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 қазаннан бастап өңір аумағында «Учаске» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Соның барысында көші-қон заңнамасын сақтамайтындар, Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзатын шетелдіктер анықталуда.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 3 964 пәтерді, 3644 жеке тұрғын үйді және 170 шаруа қожалығын аралады. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 1,5 мыңнан астам адам тексерілді.
«Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзған 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ ел аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып жатқан 40-қа жуық адам анықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, «Учаске» шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады.