Сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісі қашан азаятынын айтты

12 Наурыз, 15:22 3359

Қырғызстанның бас сейсмологы Қанат Абдрахматов Facebook желісінде Тянь-Шань тауларындағы сейсмикалық кезеңдерді сипаттайтын зерттеуді жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм қырғыз ғалымы, профессор Е.Мамыровтың бұл еңбегінде аймақтағы жер сілкінісінің жиілігі туралы айтылады.

Қанат Абдрахматовтың түсіндіруінше, 1900 жылдан бері үш сейсмикалық белсенді кезеңді бастан өткерсек, 2008 жылдан бастап төртінші кезең басталған. Мұндай әр кезеңнен кейін сейсмикалық белсенділіктің әлсіреуі байқалады.

Әртүрлі түстермен боялған белгілі бір кезең бар. Қызыл күшті жер сілкінісі болған кезеңдерді, жасыл тыныш кезді көрсетеді. Олар орташа болды,қарқындылығы 5-6 баллдан аспады, – деп жазады Қанат Әбдірахматов.

Сейсмологтың айтуынша, қазір біз 2008 жылы басталған сейсмикалық белсенді кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ол болжам бойынша 2026 жылы аяқталуы тиіс. 

Сейсмолог Мамыровтың есебінше, бұл кезеңде жер сілкіністерінің қуаты 5-6 балдан аспауы қажет. Бұл болжам қазірге дейін сәйкес келіп жатыр. Тек біздің болжамымыздан асып түскен бір оқиға – Қытайда 2024 жылғы 23 қаңтарда болған зілзала екенін айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: