Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

1 Ақпан 2023, 12:25 1170

Экология, геология және табиғи ресурстар экс-министрі Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Серікқали Брекешев тағайындалды. Ол газ жобаларын дамыту бағытына жетекшілік етеді, - делінген ҚазМұнайГаздың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Серікқали Брекешев 2021 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды. 

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, бас директордың ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары, Мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры; «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Құрақұдық» ЖАҚ компанияларында инженерлік техникалық қызметтер атқарды. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компания басшылығының құрамында бұдан да басқа өзгерістер бар.

EL.KZ
Бөлісу: