Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі қызметін атқарады

21 Желтоқсан, 12:51 498

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.  

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: