Серік Күдебаевтың ұсталған кездегі суреті жарияланды

27 Сәуір 2023, 20:29 1467

Журналист Михаил Козачков Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұсталған суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін бас прокурор Берік Асылов Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын растаған болатын.

Ол 2022 жылдың қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталды.

Сот кезінде Серік Күдебаев өзіне қатысты қолданылған шаралардан бұзып қашып кеткен. Сондықтан оған мемлекетаралық іздеу жарияланды.

EL.KZ
Бөлісу: