Серік Күдебаевтың ұлы: Әкем елге өзі оралды

28 Сәуір 2023, 11:50 2509

Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін деген Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев кеше ұсталғаны хабарланған еді. Бүгін екінші ұлы Арман Мырзақұлов әкесі өзі берілгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мен Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың екінші ұлымын. Әкем сол күні түнде Асланбек деген кенже ініме қоңырау шалып, елге келе жатқанын, өз еркімен берілетіні найтқан. Ал кейбір БАҚ-та жалған ақпарат тарап жатыр.Біз ешқайда кеткен жоқпыз. Отбасы мүшелері осында, - дейді Арман Мырзақұлов БАҚ өкілдеріне  берген сұхбатында.

Кеше  ҚХА сессиясының кулуарында бас прокурор Берік Асылов өзі журналистерге Серік Күдебаевтың ұсталғанын растаған болатын.Кейін оның ұстау сәтінен фото жарияланған.

Айта кетейік, Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қырғызстан арқылы Түркияға қашқаны айтылған. Осы іс бойынша жедел тергеу тобы құрылған.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев  Қырғызстан мемлекетіне жолданған сауалдың жауабы келгенін айтқан. Қырғыз тарапы Серік Күдебаев Манас әуежайы арқылы Стамбұл қаласына ұшып кеткенін анықтаған. Одан соң, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаев тау арқылы қашуы мүмкін деген болжам айтқан.

Алмас Абылай
Бөлісу: