Серік Күдебаев Қырғызстанда жасырынуы мүмкін - Ерлан Алдажұманов

5 Сәуір 2023, 11:51 1662

ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаев Қырғызстанда жасырынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

“Серік Күдебаев ресми түрде Қазақстанның шекарасынан өткен жоқ. Қазіргі таңда Қырғызстанның мемлекеттік шекарасына сұраныс жібердік. Ресми жауап әлі келген жоқ. Шекара қызметті тексерісті бастады. Сонымен қатар, Бас Прокуратура бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғады. Тексеріс жұмысы қанша уақытты алатыны әлі белгісіз”,- деді Ерлан Алдажұманов.

Сондай-ақ, ол Қырғызстаннан басқа елдерге іздеу жұмыстары жөнінде сұраныс жіберілмегенін айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: