Сергей Шойгу келіссөздер жүргізу үшін Астанаға келді

Бүгiн, 11:33 207

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келіссөздер жүргізу үшін келді. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің (ҚК) хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келіп, келіссөздер барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстанның екіжақты қатынастарын, қауіпсіздік мәселелерін, Сириядағы жағдайды талқылайды. Бұл Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының 2025 жылғы алғашқы шетелдік сапары, - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапары кезінде «Ресей Федерациясы мен Қазақстанның Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының екіжақты консультациялары, сондай-ақ Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесу өтеді».

Мадина Асылбекова
Бөлісу: