Сергей Ковалев соңғы айқасында Қазақстан тумасын нокаутқа жіберді

Кеше, 05:22 101

Қазақстан тумасы Артур Манн жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы WBA, WBO және IBF чемпионы, ресейлік Сергей Ковалёвпен титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Челябіде өткен 10 раундтық жекпе-жекте IBA Intercontinental чемпионы атағы сарапқа салынды. Айта кету керек, бұл жекпе-жек ресейлік спортшы үшін мансабындағы қоштасу кездесуі болды.

Жекпе-жек жетінші раундта техникалық нокаутпен Ковалёвтің жеңісімен аяқталды.

Германия атынан өнер көрсететін Артур Манн екінші раундта нокдаунға түсті.

Бұл жеңіс Ковалёв үшін карьерасындағы 36-жеңіс болды (5 жеңіліс, 1 тең ойын).

Ал 22 жеңісі бар Артур Манн бесінші рет жеңіліс тапты.

Асқар Таудай
Бөлісу: