Сергек камералары арқылы Нұр-Сұлтанда 500 мың құқық бұзушылық анықталды

14 Маусым 2022, 13:28 1118

Жыл басынан бері «Сергек» камераларының көмегімен елордада 500 мың құқық бұзушылық анықталды.Бұл деректерді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел басқару орталығының бөлім басшысы Лариса Чирва келтірді, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 1 231 қылмыстың беті ашылып, 13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар меткепке қойылған камералар көмегімен нормаға сәйкес келмейтін 105 факті анықталды. Профилактикалық жұмыс жүргізу үшін деректер білім басқармасына жіберілді. Ал жыл басынан бері «Сергек» камералары арқылы елордада 500 мың құқық бұзушылық анықталды», - деді Лариса Чирва.

Елорда территориясында 13 мыңнан астам «Сергек» камералары қойылған. Лариса Чирваның дерегінше, алдағы уақытта камералар құқық бұзушылық фактілерін оператордың көмегінсіз, автоматты түрде анықтай алатын болады.

 


Бөлісу: