Сербияда тағы атыс болып, 8 адам көз жұмды

5 Мамыр 2023, 12:19 1096

Белград округінің құрамына кіретін Младеновак қауымдастығында болған атыстан кем дегенде 8 адам көз жұмып, тағы 10 шақты адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаскөйді анықтауға Сербияның арнайы күштерінен 600-ден астам әскери жұмылдырылды.

Күдікті 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жанжалдан соң туысы мен оның әпкесін атып өлтірген. Содан кейін өзі жасырынған ауылдың өзге тұрғындарына да оқ атқан.

Күдіктіні қамауға алуға ордер берілді. Ол жасырынып жүр деген төңіректі полиция қоршауға алды.

Осыдан бірер күн бұрын ғана Сербия астанасында 13 жасар оқушы атыс ұйымдастырып, күзетші мен сыныптастарын өлтіргені туралы хабарлағанбыз. Ол кезде 9 адам қайтыс болғаны айтылған. Қайғылы жайтқа байланысты елде үш күндік аза тұту жарияланды

Мадина Асылбекова
Бөлісу: