«Сенің дауысың – Сенің болашағың» республикалық байқауы басталды (ФОТО)

17 Наурыз 2015, 12:29

2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Бұл байқау «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асады.

2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Бұл байқау «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асады.

Байқауды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – 2015 жылғы сайлауға келушілердің белсенділігін арттыру. Азаматтық қоғамның терең, бірегей құқықтық санасын қалыптастыру болып табылады, – дейді ұйымдастырушылар.

Бүгін осы байқауға байланысты Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінінің Алматы қаласындағы филиалында баспасөз мәжілісі өтті. Оған Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков, әнші, продюсер Нұрлан Албан, музыкалық продюсер Алуа Қонарова, «Қазконтент» АҚ өкілі Диас Есдәулетов және көптеген блогерлер мен журналистер, спортшылар, танымал өнер адамдары қатысты.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау т.б облыстардың танымал азаматтары тікелей эфирден осы байқауды өздерінің қолдайтындарын жеткізді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар мен қазылар алқасынан өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

Айта кетейік, аталған байқауды - «Қазконтент» АҚ қолдауымен «Қаламгер азамат» жас журналистердің қоғамдық қоры мен Қазақстан суретшілері одағы ұйымдастырып жатыр.

Байқауға кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай қатыса алады. Өтініштер 17 наурыздан басталып, 15 сәуірге дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімі 20 сәуірде жарияланады.

Байқаудың шарттары:

Байқауға қатысуға кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай қатыса алады. Байқауға ұсынылған жұмыстар sailau2015.el.kz арнайы парақшасында JPEG, PNG, PDF, BMP форматтарында 5 мегабайттан аспайтындай етіп жүктелуі тиіс. Байқау жұмысымен бірге келесі жеке мәліметтерді қосып жіберу керек. Байқауға ұсынылған жұмыстар sailau2015.el.kz арнайы парақшасында JPEG, PNG, PDF, BMP форматтарында 5 мегабайттан аспайтындай етіп жүктелуі тиіс. Байқау жұмысымен бірге келесі жеке мәліметтерді қосып жіберу керек:

1. ТАӘ, туған жылы; 
2. Мекен-жайы (облыс, қала, аудан, елдімекен);
3. Оқу немесе жұмыс орны;
4. Байланыс телефоны және жеке электронды почта;

Байқауға қатысу барысында газеттерде, кітаптарда, сайттарда және өзге де дереккөздерде жарияланған дайын постерлерді пайдалануға болмайды. Байқауға президенттікке үміткерлерді насихаттайтын жұмыстар жіберілмейді. Қатысушылар постерде келтірілген мәліметтердің шынайылығына, ашық жарияланымға арналмаған мәліметтерді пайдалануда жауапты. Байқауға келіп түскен жұмыстар төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

1. Тақырыпқа сай болуы; 
2. Стиль; 
3. Техникалық сапасы;
4. Авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
5. Этикалық принциптерге сай келуі.

Бөлісу: