Сенбіге арналған ауа райы болжамы

14 Қаңтар 2023, 09:22 1093

Қазгидромет 14 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР аумағының басым бөлігіне әлі де Арктикалық антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз сақталады. Түркістан облысында 25 градус қатты аяз сақталады.

EL.KZ
Бөлісу: